Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары 10 жылға сотталды

549

Нұрлан Таубаев бопсалау және пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. 

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары 10 жылға сотталды

Атырау қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевқа қатысты сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұрлан Таубаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігі "Аса ірі көлемде пара алуға оқталу" бойынша айып тағылды. Соңғы сөзінде айыптаушы тараптың өкілі, прокурор Нұржан Жангереев қылмыстың барлық дәлелдері айыптау актінде көрсетілгенін айтып, Нұрлан Таубаевқа ең ауыр жаза – 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарын бопсалау және пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске сала кетсек, Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров 2020 жылы қыркүйекте ұсталған болатын. Олар облыстың инфрақұрылымын дамыту және жол салумен айналысатын компаниялардың бірінен 182 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілікті. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімдігінің өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуына қатысты істі тергеп жатқаны хабарлаған. Бұған да Нұрлан Таубаевтың қатысы болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу