Атырау облысы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы ұлғайды

916

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. 

Атырау облысы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы ұлғайды

Облыс басшысы 2021 жыл барлық қазақстандықтар үшін маңызды кезең екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл біз тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы кезеңде Қазақстан барлық салада зор табысқа қол жеткізді және оны әлем қауымдастығы мойындады. Жетістік Атырау облысының көрсеткіштерінде де көрініс тапты", – деді облыс әкімі.

Махамбет Досмұхамбетов 30 жыл ішінде облыста 170 мектеп пен балабақша, 86 денсаулық сақтау, 35 спорт, 31 мәдениет нысаны салынғанын мәлімдеді. 

"Тәуелсіздік жылдарында облыста 2 мың шақырымнан астам автомобиль жолы салынды және жөнделді. Жол құрылысы – 311, жолды жаңғырту – 719, күрделі жөндеу – 1 192 шақырымды құрады. Облыс тұрғындарының табиғи газбен қамтамасыз етілуі 12%-дан 99,7%-ға дейін, орталықтандырылған сумен жабдықтау 35% -дан 99,3% -ға дейін өсті", – деді Атырау облысының басшысы. 

Оның сөзінше, облыс халқының саны бір жарым есе артып, бүгінгі күні 661 мың адамды құрап отыр. 

"Облыс тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 66-дан 70,5 жасқа дейін өсті", – деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу