Атырау облысы тұрғынынан 4 келі марихуана тәркіленді

535

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Атырау облысы тұрғынынан 4 келі марихуана тәркіленді Фото: nur.kz

Атырау облысының 36 жастағы тұрғынынан 4 келі марихуана тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz ІІМ-нің Telegram арнасына сілтеме жасап.

"12 желтоқсан күні Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында орналасқан шаруа қожалығында Атырау облысы Полиция департаменті ҰҚҚІҚБ және ЕҚҚБ қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан 36 жастағы ер адамды анықтады", - ведомство таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, полицейлер екі пакетке оралған 7 қарасора бұтасы мен 4 келі марихуананы тәркіледі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу