Атырау облысы жасөспірімдер қылмысы бойынша өсімі жоғары өңірлердің қатарына қосылды

119

Қазақстанда жасөспірімдер қылмысының жалпы деңгейі Атырау облысы бойынша ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.  

Атырау облысы жасөспірімдер қылмысы бойынша өсімі жоғары өңірлердің қатарына қосылды Фото: arnapress.kz

Құқық бұзушылықтар көбіне 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер тарапынан жасалады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар санының артуы ерекше алаңдаушылық тудырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитетінің ресми мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында өңірде жасөспірімдер жасаған 52 құқық бұзушылық тіркелді, бұл 2024 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,5 есе көп (15 жағдай). Өсу қарқыны – 246 % пайызға жетіп отыр.

Осылайша, Атырау облысы жасөспірімдер қылмысының ең жоғары өсімі бар үш өңір қатарына енді:

  1. Шымкент +321%
  2. Атырау облысы +246 %
  3. Ақмола облысы +66 %.

Жалпы жасөспірімдер арасында жасалған құқық бұзушылықтар саны бойынша Атырау облысы 52 жағдаймен екінші орында, тек Алматы мен Шымкенттен (әрқайсысы – 80 жағдай) кейін тұр.

Ұлттық деңгейде осы санаттағы жасөспірімдер арасында:

  • Ауыр қылмыстар – 188 (өткен жылы – 81)
  • Аса ауыр қылмыстар – 24 (өткен жылы – 12).

Осы жағдайға байланысты 10 сәуірден бастап бүкіл елде, соның ішінде Атырау облысында да "Жасөспірім" жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр.

Осы акция аясында:

  • 180-нен астам баланың түнгі уақытта ересектерсіз жүргені анықталды;
  • 72 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу