Атырау облысына – 108, Маңғыстау облысына 56 маман барады

589

Атырау облысы өңірлер арасында коронавирус жұқтырғандар саны жағынан алғашқы орында тұр.  

Атырау облысына – 108, Маңғыстау облысына 56 маман барады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі Атырау және Маңғыстау облыстарындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін өңірлерге вирусолог, дәрігеринфекционист, реаниматолог, пульмонолог сынды мамандардан тұратын бірнеше топ медицина қызметкерін жібереді, сондай-ақ, ресейлік дәрігерлер де көмектеседі, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Атырау облысына 108 маман барады: Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің басшылығымен Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің 5 маманы, клиникалық кафедралардан 10 ғалым, "Батыс Қазақстан медициналық университеті" КЕАҚ клиникасынан 9 резидент, сондай-ақ, құрамында пульмонолог, реаниматолог және инфекционист бар Ресей Федерациясынан 6 дәрігер барады.

Маңғыстау облысына 56 маман: 42 дәрігер-интерн, Ресейден 9 маман және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінен 5 ғалым жіберіледі.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter аккаунтында Атырау облысы халқының үндеуіне жауап берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу