Атырау облысына 111 200 доза вакцина жеткізілді

907

Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдің эпидемиологиялық ахуалына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырау облысына 111 200 доза вакцина жеткізілді

Махамбет Досмұхамбетов тұтастай алғанда жағдай тұрақты екенін және 26 мамырдан бастап облыс "Сары аймақта" тұрғанын баяндады. 

"Инфекциялық төсектердің жүктемесі 16%-ды құрайды. 337 науқас ем алып жатыр. Облыс бойынша 12 стационарда 2 098 науқасқа инфекциялық төсек-орын жасақталған. Оның 81-і реанимациялық орын. Қосымша 750 резервтік төсек дайындалды. Вакциналауға келетін болсақ, ақпаннан бері өңірге 111 200 доза вакцина жеткізілді", – деді Атырау облысының әкімі.

Белгілі болғандай, облыс бойынша барлық талапқа сай келетін 41 екпе пункті ашылды.

"69 304 адам вакцинаның I компонентін, 27 569 адам II компонентін алды. Өңірде 385 субъект "Ashyq" қосымшасын енгізіп, QR-кодпен жұмыс істеп жатыр, – деді облыс әкімі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу