Атырау облысында 13 дала өрті тіркелді

1453

Атырау облысында 13 дала өрті тіркелді

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жаз басталғалы 13 дала өрті тіркеліп, жалпы аумағы 131299 га жер өртке оранған, деп хабарлайды azh.kz.

Қызылқоға ауданында 8 дала өрті оқиғасынан 95879 га жер, Индер ауданында 3 дала өртінен 24265 га жер бүлінген, Исатай ауданы (11000 га) мен Жылыой ауданында (155 га) бір бірден өрт оқиғасы орын алған. Мамандар дала өртінің көбеюін ауа-райы температурасының 43 градусқа дейін көтерілуімен байланыстырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу