Сайтта көрсетілген нысандардың саны – 18, деп жазады inbusiness.kz сайты.
- "Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы" АҚ – 2026 жылы "Электр энергиясын беру" қызмет түрін алып тастау жоспарланған. 2027 жылы әуежайды сенімгерлік басқаруға беру көзделіп отыр. Қазір әуежайда 2 оператор жұмыс істейді: Әуежайдың аэродромын басқаратын "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ (100% акция облыс әкімдігіне тиесілі) және жолаушыларға қызмет көрсететін және терминалға иелік ететін "ATMA – Атырау әуежайы және тасымалдау" ЖШС (100% QazAir Investments LLC-ке тиесілі).
- "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС – Компанияның 100% үлесін (немесе бақылау үлесін) мұнай өңдеу саласында тәжірибесі бар стратегиялық инвесторға сату немесе 2028 жылы жекешелендіру/аралас меншік түріне көшу жоспарланған.
- "Теміржолжылу-Атырау" ЖШС – толық ақпарат жоқ. Ашық деректерде қызмет түрлері: сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және жою, ластануды жою деп көрсетілген.
- Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қарасты “Атырау Су Арнасы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын 2026 жылы жекешелендіру көзделген.
- Атырау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына қарасты сегіз ветеринариялық станцияны (Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Махамбет, Мақат және Атырау қалалық ветеринариялық станциялары) заңды тұлғаларды біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру жоспарлануда.
- "Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Бейбарыс-Атырау" облыстық кәсіби хоккей спорт клубы" КМҚК-ны 2026 жылы сату жоспарлануда.
- "Атырау" облыстық футбол командасы" ЖШС-ін 2026 жылы аукцион немесе тендер арқылы жекешелендіру көзделіп отыр.
- Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты "Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасы" ШЖҚ КМК-ны 2026 жылы тендер арқылы сату жоспарлануда.
- "Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету" ЖШС-ін 2028 жылы тендер арқылы жекешелендіру көзделіп отыр. Сонымен қатар, компанияның шамамен 3,5 млрд теңгеге (республикалық бюджеттен алынған несие) тұрғын үйлерді жаңғырту жобаларының операторы екені айтылған. Жекешелендірілген жағдайда осы несиені өтеу мәселесі туындайды (қазіргі өтеу мерзімі – 2031 жылға дейін). Компания сондай-ақ 58 үйге (шамамен 3 мың пәтер) жылу мен ыстық су береді. Бұл қызмет түрі рентабельдігі төмен болғандықтан, жаңа меншік иесі бұл қызметтен бас тартуы мүмкін. Ондай жағдайда үйлер жылумен толық қамтылмай қалу қаупі бар.
- Сумен жабдықтау және су бұрумен айналысатын, сондай-ақ жылу мен ыстық су өндіретін "Жылыойсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын 2030 жылы өтінім бойынша жекешелендіру жоспарланып отыр.
- "Атырау облысы Су Арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын да 2030 жылы өтінім негізінде жекешелендіру көзделген. Мемлекеттің үлесін (немесе бақылау пакетін) стратегиялық инвесторға сату жеке инвестиция тартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу