Атырау облысында 37 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр

961

Атырау облысында 37 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр

2017 жылы Атырау облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2007 пәтер салынады, деп хабарлайды деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Облыста "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру үшін 135,6 мың шаршы метр аумақты қамтитын 37 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Бұл дегеніміз 2007 пәтер, олар осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, 2017 жылдың 6 айының өзінде өңірде 291,8 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6% жоғары. Өткен жылдың алғашқы жартысында өңірде 238 мың шаршы метр тұрғын үй салынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу