Атырау облысында 400-ден астам шаруа қыстауына күн батареясын орнатты

877

Олардың 382-сі күн батареясын орнату шығындарының 80%-ын жабатын мемлекеттік субсидиялар алған. 

Атырау облысында 400-ден астам шаруа қыстауына күн батареясын орнатты

Атырау облысында 400-ден астам фермер қыстауларына күн батареясын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

"Биыл бірінші кезекте мал шаруашылығымен айналысатын және қыстауларында мал ұстайтын атыраулық фермерлердің көпшілігі күн батареяларын орнатты. Барлығы 430-дан астам фермер күн батареяларын қондырған. Олардың 382-сі өтініш тіркеп, күн батареясын орнату шығындарының 80%-ын жабатын мемлекеттік субсидия алған. Оған республикалық бюджеттен 958 миллион теңге қаржы бөлінген", – деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында.

Субсидия алмаған фермерлер оны Жаңа жылға дейін алатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу