Атырау облысында 42500 теңге алуға 1,5 мыңға жуық адам өтініш берді

605

Атырау облысында 42500 теңге алуға 1,5 мыңға жуық адам өтініш берді

Атырау облысында 2140 қызметкерге әлеуметтік төлем тағайындау үшін жұмыс берушілерден әзірге 1 489 өтініш келіп түсіпті. Қазіргі уақытта штаб отырыстарында 403 жұмыс берушіден түскен 412 өтініш қаралып, әлеуметтік төлем тағайындауға Азаматтарға арналған үкіметке жолданды. 

"Шілде айына берілетін 42500 теңгені бес санаттағы адамдар ғана ала алады. Олар: жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, нысанасы жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын және БЖТ төлеуші жеке тұлғалар. Өтініштер 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады", – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.  

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу