Атырау облысында 7 балалы ананың өліміне қатысты тың дерек жарияланды

1652

Құлсары қаласында көпбалалы ананы өлтіріп кеткен. Оның өліміне қарыз себеп болуы мүмкін. Бұл туралы күдіктінің туыстары айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Атырау облысында 7 балалы ананың өліміне қатысты тың дерек жарияланды

25 жастағы жігіт 35 жастағы 7 баласы бар әйелге кредит алып берген. 

"Экспресс Қазақстан" дерегінше, әйел қарызын төлемей, жігіт оны өлтірген. Күдіктінің анасының айтуынша, ер адам қылмыс жасағанын мойындап, келіп кешірім сұраған. Кейін оны полиция алып кеткен.

Марқұмның кенже баласы 5 жаста, үлкені студент.

Әйел мемлекеттен жеті балаға 74 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып отырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу