Атырауда ағайынды жігіттер ер адамға оқ атқан

95

27 сәуірде Индербор кентінде болған жанжал атысқа ұласып, бір адам жараланды.  

Атырауда ағайынды жігіттер ер адамға оқ атқан Фото: supertargetsystem.com

Жанжал барысында травматикалық қарудан оқ атылып, шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 "Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, жағдай 30 жастағы жәбірленушінің үйінің ауласында болған.

Кейін полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олар 2003 және 2004 жылы туған, Индербор кентінің тұрғындары – ағайындылар болып шыққан.

Жарақат алған ер адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазіргі уақытта ол хирургия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында мұнайшылар төбелесіп, біреуі ауруханаға жатқызылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу