Атырау облысында айуандықпен кісі өлтіргендерге қатысты сот басталды

1314

8 күдікті 30 жастағы жігітті аяусыз соққыға жыққан. Ер адам ауруханада қайтыс болған.

Атырау облысында айуандықпен кісі өлтіргендерге қатысты сот басталды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының тұрғыны Азамат Қалбағатаевтың өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы "Ақжайыққа" сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2021 жылы 8 тамызда болған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Онда күдіктілер темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Салдарынан тұрғынның аяқ-қолы сынып, басы жарылған.

Ер адамды ауыл тұрғындары тауып алып, ауруханаға жеткізген. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмған.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру") бойынша тергеліп, сотқа жіберілді.

Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу