Атырау облысында Алмағамбет көлінен жарты тонна өлі балық жиналды

1120

Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов Атырау облысындағы Алмағамбет көлінен 507 келі өлі балық жиналғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.  

Атырау облысында Алмағамбет көлінен жарты тонна өлі балық жиналды

"Безымянный және Алмағамбет көлдеріндегі су деңгейінің көтерілуі мен төмендеуіне салдарынан балықтар қырылды. Безымянныйдан 65 келі өлі балық, Алмағамбет көлінен 507 келі өлі балық жиналды. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр", – деді Аян Бахиянов. 

Бүгінде балықтарды жинауға Орал-Каспий бассейні инспекциясының 40 қызметкері және Алға ауылынан 8 жұмысшы жұмылдырылған.

Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы өңірдегі 200 су қоймасының 70-ке жуығы қауіпті болып саналатынын, олар қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу