Атырау облысында алпауыт компанияға айыппұл салынды

983

Атырау облысында алпауыт компанияға айыппұл салынды

Атырау облысындағы мұнай алпауыты - "Теңізшевройл" компаниясына 300 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды ktk.kz.
Теңіз кен орнының жұмысшылары мамырдың 30-ы күні күкірт аралас түтіннің ауаға таралып жатқанын телефондарына түсіріп алып, әлеуметтік желі арқылы таратқан еді. Іле-шала осы оқиғаға байланысты баспасөз мәслихатын өткізген зауыт басшылығы бұл жағдайға "кешенді технологиялық желі" зауытында электр энергиясының аяқ астынан өшуі себеп болғанын айтып, айналаға зияны жоқ деп ақталды. Бірақ тексеріс жүргізген мамандар сол күні ауаға меркаптан мен күкіртті сутегінің өте көп мөлшерде тарап анықтаған болатын. Экологтар Теңізшевройлды сотқаберіп, мұнай алпауытына 278 миллион  400 мың теңге айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу