Атырау облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр

83

Тамыз айынан бері 21 ірі қара өлген.

Атырау облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр Фото: Pixabay.com

Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Қарабау ауылында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр. Ауыл тұрғындары жағдайға тиісті органдардың салғырт қарағанын айтып, наразылық білдіруде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, індеттің алғашқы белгілері – малдың тұра алмауы, аяқтарын баса алмауы, дене қызуының көтерілуі, су ішуден қалуы.

Аудандық ветеринариялық станция басшысы Жәнібек Кенжиннің мәліметінше, өлген мал өлекселері санитарлық талаптарға сай өртеліп, орындары толық залалсыздандырылған. Алынған патологиялық сынамалар облыстық зертханаға жіберілді.

Мамандар індет қарасан немесе пастереллез болуы мүмкін екенін болжауда. Қазір жағдай тұрақты бақылауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу