Атырау облысында бір тәулікте 77 адам коронавирус жұқтырды

749

Атырау қаласында 35 науқас қауіпті індетке шалдыққан, деп хабарлайды  облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  

Атырау облысында бір тәулікте 77 адам коронавирус жұқтырды

Теңіз кенішінде 31 жұмысшыдан, сондай-ақ Жылыой ауданында - 6, Қызылқоға ауданында – 4, Махамбет ауданында 1 адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталған.

"Науқастардың 18-інде инфекция симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 34 адам емделіп шықты. Ал, 277 адам үй жағдайында ем алып жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда - 63, аудандардағы стационарда - 14, Теңіз кенішіндегі стационарда 255 адам ем қабылдауда" деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу