Атырау облысында биыл бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтереді

729

Атырау облысында биыл бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтереді

Атырау қаласында ауысымына 250 адам қабылдауға арналған емхана салынады. Бұған қоса, Атырау қаласына қарасты Ақсай селосында ауысымына 25 адам қабылдауға арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы басталады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Атырау қаласында 10 200 тонна көкөніс қоймасы мен 1га жерге жылыжай салу, пайдалануға беру", "Атырау қаласында монша салу, пайдалануға беру", "Атырау облысы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, пайдалануға беру", "Атырау қаласындағы мектептерде тамақтануды ұсыну мен ұйымдастыруға халықаралық стандарттар енгізу" жобалары бойынша конкурстық құжаттама дайындау жұмыстары жүруде.

Бұдан бөлек, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Атырау қаласында бейнебақылау мен жол жүру ережесін бұзғандарды фотобейнетіркеу аппаратты-бағдарламалық кешенін құру, пайдалануға беру", "Құлсары қаласында сыртқы жарықтандыру желілері құрылысы мен пайдалануға беру", "Атырау қаласындағы мектептерде ақылды басқару жүйесін құру" жобаларын іске асыру жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу