Былтыр жалпы егіс көлемі 9 300 гектарды құрағанын ескерсек, 2024 жылмен салыстырғанда 4 мың гектарға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Өткен жылғы егілген егістік алқаптарының басым бөлігі толық жиналып, барлығы 148 мың тоннадан астам өнім алынды. Оның ішінде көкөністерден 72 мың тонна, бақша өнімдерінен 39,6 мың тонна, картоптан 8 мың тоннаға жуық және мал азықтық дақылдардан 28,6 мың тонна өнім жиналды. Негізгі бөлігі су жеткізу шығындарын субсидиялауға бағытталды, сондай-ақ тыңайтқыштар, пестицидтер, тұқым шаруашылығы мен басым дақылдарға қолдау көрсетілді, – деді облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Азат Қапанов.
Бүгінде Атырау облысында жалпы сыйымдылығы 54 мың тоннаны құрайтын 9 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді. Өңірде жалпы аумағы 28 гектар болатын 41 жылыжай бар. Оның ішінде 13,6 гектары – өндірістік жылыжайлар.