Атырау облысында еріктілер құрғақ шөптің жануын сөндірді

369

"Ауыл құтқарушылары" жалынның кең аумаққа таралуына жол бермеді.  

Атырау облысында еріктілер құрғақ шөптің жануын сөндірді Фото: Бейнежазбадан

Атырау облысының Құрманғазы ауданында "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасының еріктілері құрғақ шөптің жануын дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Сүйіндік ауылынан 25 шақырым жердегі Жалғызапан ауылының маңындағы ашық аумақта болған.

Өрт орнына жедел жеткен еріктілердің үйлесімді әрекетінің арқасында жалын толық сөндіріліп, оның одан әрі таралуына жол берілмеді.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды ыстық әрі желді күндері өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Ведомство ашық от жақпауға және құрғақ өсімдіктерді өртемеуге кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу