Атырау облысында Фермерлер одағының өңірлік филиалы ашылды

1276

Атырау облысында Фермерлер одағының өңірлік филиалы ашылды

Атырау облысында фермерлер одағының өңірлік филиалы ашылды. Осы одақтың арқасында облыста 2000-нан астам шаруа қожалықтары мемлекеттік қолдау шараларын алды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Қазақстанның фермерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі Атырауда өзінің өңірлік филиалын ашты. Аталған одақ қызметінің негізгі бағыты – Атырау облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау, сондай-ақ фермерлердің заңды мүдделерін қорғау.
Қазіргі таңда Атырау облысында 2000-нан астам фермерлік шаруа қожалықтары тіркелгенін атап өткен жөн.
Бүгінгі күні өңір фермерлері өндіретін өнім сапасы артуда, тауарлар Германия, Польша, Украина, Ресей, Франция және Өзбекстан сияқты елдерге экспортталады. 
"Егер 2016 жылы 1 миллиард 771,4 млн тонна өнім экспортталса, 2017 жылы экспортқа 1 миллиард 776 миллион тонна өндірілген өнім жөнелтілді, экспорттың оң өсу динамикасы байқалады. Фермерлер одағы филиалының ашылуы бірінші кезекте өз бизнесін бастағысы келетіндерге кеңестер беру және заңды көмек көрсету арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған", - деді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Сәрсекенов.
Шаруа қожалықтарының иелері жыл сайын республикалық бюджеттен субсидиялар алады. Атап айтқанда, егер 2016 жылы өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға 2 миллиард 463 млн теңге субсидия бөлінсе, 2017 жылы бұл сома өсіп, 2 миллиард 631,2 млнтеңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу