Атырау облысында фермерлерге бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге бөлінді

395

Субсидия алу үшін мал саны талапқа сай келуге тиіс. 

Атырау облысында фермерлерге бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге бөлінді Фото: inbusiness.kz

Оған қоса жайылымның болуы да ескеріледі. Бүгінгі таңда өңірдің фермерлері қажетті жем-шөп көлемінің төрттен бірін дайындады. Былтыр мемлекеттік қолдауға 500-ден астам шаруа ие болған. 

Жемшөп дайындауға субсидия алу үшін шаруашылықта ірі қараға кемінде 25 бастан кем емес аналығы болу керек, қойда 200 бастан кем емес аналық болу керек, түйе мен жылқыда кемінде 50 бастан кем емес аналық болу керек. Егер сандық көрсеткіштер талаптарға сәйкес келсе, құжаттарды plem.kz сайты арқылы электронды форматта тапсыру қажет. Төлемдер қараша айында басталып, жыл соңына дейін аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу