Атырау облысында газды қымбатқа сатқан компанияға қатысты тергеу басталды

1242

Компания өңірде монополиялық басымдыққа ие болған.

Атырау облысында газды қымбатқа сатқан компанияға қатысты тергеу басталды

Атырау облысында Сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне қатысты қылмыстық істі тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Қазақстан жанармай қауымдастығы 1" ЗТжЖКБ-нің өтініші негізінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті монополиялық үстем жағдайды теріс пайдалану, жоғары баға белгілеу белгілері бойынша "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді бастады.

"Бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша аталған компания Атырау облысының географиялық шекараларында сұйытылған мұнай газын (СМГ) қайталама-көтерме саудада өткізу нарығында үстем жағдайға ие екендігі анықталды.
Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Сұйытылған мұнай газын сақтау паркінің қызметіне тексеру жүргізді бастады. Тексеру нәтижелері бойынша 2019-2021 жылдары монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге қатысты монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Тексеру нәтижелері негізінде Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Осыған сәйкес мемлекет бюджетіне монополиялық кірісті алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Монополияға қарсы департамент "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-ға қатысты тергеуді жалғастыруда. Тексеріс 2017-2021 жылдарды қамтиды. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан заңнамасына сәйкес "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-ға қатысты тиісті шаралар қабылданады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу