Атырау облысында қой қырылып жатыр

2654

Бүкіл малға екпе салынғанымен, қойдың қырылуы жалғасуда. 

Атырау облысында қой қырылып жатыр

Атырау облысында қой жаппай қырылып жатыр. Екі айдың ішінде өлген мал саны 2100-ге жеткен, деп хабарлайды Atameken Business.

Белгісіз індет Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы асылтұқымды қойды жайпаған. Салдарынан еділбайды өсурімен айналысатын шаруа қожалығы шығынға батты. Бүкіл малға екпе салынғанымен, қойдың қырылуы жалғасуда. Тіпті аудандық ветеринария бөлімі қажет сараптамаларға қан алып, тексеруге елордалық зертханаға жолдаған. Бірақ 2 айдан кейін, ешқандай дерт жоқ деген жауап келген. Бұл ақпаратты ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу