Атырау облысында ауа райына байланысты жабылған жол қайта ашылды

256

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы хабарлады.  

Атырау облысында ауа райына байланысты жабылған жол қайта ашылды Фото: t.me/qazavtojol

Компания өкілдері 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын да ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"18 желтоқсан сағат 15:00-де республикалық маңызы бар  "Атырау – Орал – РФ шекарасы" автожолының 179-189 шақырым аралығында (Индербор кентінен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, сағат 13:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты "Атырау – Орал – РФ шекарасы" автожолының 67-189 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу