Атырау облысында құны 170 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

302

Жер телімдері мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.

Атырау облысында құны 170 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Жылыой ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін қайтару бағытында жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Атырау облысының прокуратурасы таратқан мәлімет бойынша "Жана-Тан" ЖШС осы санаттағы жер учаскелерін игермегені және ұзақ уақыт бойы (2020 жылдан бері) мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. 

"Прокурорлық қадағалау шараларымен аталған кәсіпорын кадастрлық құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды", - делінген хабарламада.

Болашақта оны тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу