Атырау облысында құтқарушылар айдалада батпаққа батқан көлікті шығарды

189

112-ге хабарласу үшін екі жолаушы байланыс ұстайтын жерге дейін жаяу жүрген.  

Атырау облысында құтқарушылар айдалада батпаққа батқан көлікті шығарды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысы Жылыой ауданында 6 адаммен жолға шыққан көлік қаладан 250 шақырым қашық жерде далалықта батпаққа тап болып, шыға алмай қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Хабарлама бойынша құтқарушылар жедел шығып, заманауи жол талғамайтын техникасымен іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.

Құтқарушылар батпаққа батқан көлікті тауып, жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді.

Сонымен бірге жаяу кеткен екі адам да аман-есен табылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу