Атырау облысында мүйізі қағылған 10 киіктің өлексесі табылды

1697

Оқиға орнына Махамбет ауданы АІІБ жедел тергеу тобы жіберілген.

Атырау облысында мүйізі қағылған 10 киіктің өлексесі табылды

Атырау облысында атып кеткен 10 киіктің өлексесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тұяқты жабайы аңдарды және киіктерді қорғау аясында жүргізілген шара барысында 10 киіктің денесі табылды. Оларды Атырау облысы Махамбет ауданында "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Батыс Қазақстан облысындағы филиалының жедел әрекет ету тобы инспекторлары тапқан. Бөкендердің бәрін біреулер атып алып, кейін мүйізін кесіп әкеткен", – деп хабарлайды "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына Махамбет ауданы АІІБ жедел тергеу тобы жіберілген. Факт Махамбет ауданы АІІБ-е тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу