Атырау облысында кадастрлық құны 619 млн теңгеден асатын, жалпы аумағы 2182 гектар болатын 78 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Талдау нәтижесінде облыс аумағында кәсіпкерлік, тұрғын үй және өзге де мақсаттар үшін уақытша өтеулі берілген бірқатар жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы игерілмей келгені анықталды.
Сонымен қатар жер учаскелерін шаруашылық айналымына тарту бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар уақтылы қабылданбағаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде уәкілетті органдар жер пайдалану құқықтарын тоқтату және пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті шаралар қабылдады.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратураның бақылауында.