Атырау облысында пара алған шенеуніктер сотталды

522

Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыс әкімінің бұрынғы орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырау облысында пара алған шенеуніктер сотталды

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеуніктерге пара алды деген айып тағылған.

"Сот анттың бұзылуы ауырлататын жағдай деп бағалап, сотталушы Т-ны (облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев) 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы Б-да (құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров) ауырлататын мән-жайдың болмауын ескеріліп, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімінде "сотталушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды" деп жазылған.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылғы шілдеде Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданы Құлсары қаласында аурухана салу туралы шешім қабылдаған. Құрылысқа "БКК" ЖШС жауап берген.

Өңірдегі құрылысқа жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары "БКК" компаниясы директорының орынбасарымен кездесіп, шарт сомасының 10% мөлшерінде пара талап еткен. Кейін құрылыс басқармасы басшысының қатысуымен пара сомасы 7% төмендеп, 185 млн 500 мың теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу