Атырау облысында полицейлерді соққыға жыққандар ұсталды

132

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Атырау облысында полицейлерді соққыға жыққандар ұсталды Фото: бейнежазбадан

Атырау облысында полицейлерді ұрып-соққан бір топ азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 3 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында болған. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қызметтік міндеттерін атқару барысында құқыққа қайшы әрекеттің жолын кесті.

Алкогольдік мас күйдегі бір топ азамат полиция қызметкерлеріне агрессивті түрде қарсылық көрсетіп, күш қолданған. Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталып, қамауға алынды.

Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Полиция қызметкерлеріне қысым көрсету, заңды талаптарына бағынбау және күш қолданудың кез келген фактісі бойынша заң аясында қатаң жауапкершілік көзделген. Заң талаптары барша азаматтар үшін бірдей", – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу