Атырау облысында тағы бір тәрбиешінің үстінен іс қозғалды

988

Ол балабақша тәрбиеленушісіне зәбір көрсеткен.

Атырау облысында тағы бір тәрбиешінің үстінен іс қозғалды

Атырау облысында тағы да тәрбиешінің сәбиге күш қолдану дерегі тіркелді. Бұл жолы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон селосындағы "Балдырған" балабақшасының тәрбиеленушісінің кішкентай қызды шашынан тартып, сүйрегені бейнетаспаға жазылып қалған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған жағдайды зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды, оның ішіне біздің басқармамыздың өкілі де кіреді. Тәрбиеші уақытша жұмыстан шеттетілді", - дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

Белгілі болғандай, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 140 бабының 2 тармағы, яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін іс қозғаған. Қазіргі күні сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Оқиға 29 наурыз күні болған. Балабақшаға жұмысқа тұрғанына бір жыл ғана болған 21 жастағы тәрбиешінің қызметіне күмәнмен қараған ата-аналар бейнежазбаларды қарауды өтінген екен.

Өкінішке қарай, Атырау облысындағы білім және тәрбие беру мекемелерінде мұндай жай бірінші рет орын алып отырған жоқ. Қазіргі күні қаладағы тілі мүкіс балаларға арналған №20 "Алтын балық" балабақшасы тәрбиешесінің үстінен қозғалған іс бойынша сот процесі жүріп жатыр. Ол балабақшада мұндай жағдай екі рет тіркелді. Ал 2019 жылы облыстық ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде де екі тәрбиешінің маңайында не болып жатқанын айтып жеткізе де алмайтын кемтар балаларға әлімжеттік жасағаны прокурорлық тексеру кезінде белгілі болып, шу тудырып еді. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу