Атырау облысында тауар өткізу көлемі ұлғайды

1003

Атырау облысында тауар өткізу көлемі ұлғайды

Атырау облысында алғашқы жартыжылдықта тауарлар өткізу көлемі ұлғайды. Бұл туралы ақпаратты ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.

2017 жылдың қаңтар-маусымында бөлшек сауда тауар айналымы 120 075 млн теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (салыстырмалы бағамен) 1,7% артық.

Жеке меншік кәсіпорындардың және жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу айналымы 110859,9 млн теңге (92,3%), басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғаларының және азаматтарының меншігінен 9215,1 млн теңге (7,7%) құрады.

2017 жылдың қаңтар-маусымында облыстың көтерме тауар айналымы 261974,4 млн теңге болды, 2016 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 56,6% өсті. Тауар айналым көлемінің басым көпшілігі (көтерме сауда көлемінің 72,3%) шетелдік сектор арқылы жүзеге асырылды.

2017 жылдың қаңтар-маусымында бөлшек тауар айналымының қомақты өсуі өткен жылғы сәйкес  кезеңмен  салыстырғанда Жылыой (8,8%-ға), Мақат (4,8%-ға) аудандарында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу