Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

1219

Атырау облысы Қызылқоға ауданында Ойыл өзенінің тасуына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден аса топырақ толтырылған қап қойылды. 

Оқиға орнында 3 ауыр техника, 70-ден аса ауыл жастары мен еріктілер бар.

Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қауіпті аймақта күшейтілген кезекшілікте тұр. 

Қызылқоға ауданының әкімшілік орталығы Миялы ауылының батыс бөлігінде жер 50 метрге биіктетіліп, қорғаныс бөгеттері қойылған.

Ауылдағы үйлерге су жетпеуі үшін Миялы – Қарабау – Индер автожолын демонтаждау туралы шешім қабылданды. Жол қауіп сейілген соң қалпына келтіріледі.

Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.

Айта кетейік, Қызылқоға ауданының әкімшілік орталығы – Миялы ауылы. Ауданның аумағы – 24,9 мың шаршы шақырым. Қызылқоғаны Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу