Атырау облысында төтеншеліктер көлікте қалған екі адамды құтқарды

Олар Каспий жағалауынан табылды.

Атырау облысында төтеншеліктер көлікте қалған екі адамды құтқарды Фото: Атырау облысы ТЖД

"3 қазан күні Төтенше жағдайлар департаментіне Исатай ауданында, Аққыстау ауылынан 55 шақырым жерде, Каспий теңізінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты екі жолаушы мінген жеңіл автокөліктің жағада тұрып қалғаны туралы ақпарат түсті. Ер адамдар өздігінен көліктен шыға алмай қалған.

Оларды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Исатай ауданы ПЧ-6, Жанбай шекара заставасы мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірлесіп іздеуге шықты. 79 және 55 жастағы екі ер адам эвакуацияланды. Олар Исатай ауданы, Аққыстау ауылына жеткізілді. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес", – деп хабарлады ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу