16 қарашада Атырау облысындағы Доссор елдімекенінде жанар-жағармай құю станциясының аумағында автобус өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
112 дабыл пультіне хабарлама келіп түсіп, оқиға орнына тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.
"Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары арқасында жанар-жағармай құю станциясына оттың одан әрі таралуының алды алынды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт қысқа мерзімде сөндірілді", – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу