Атырау облысында жел электр стансасы салынуда

1098

Оның қуаттылығы 48 мегаватты құрайды.

Атырау облысында жел электр стансасы салынуда

Атырау облысы Мақат ауданында жел электр стансасы салынып жатыр. Оны келесі жылдың наурыз айында тапсыру жоспарланған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

"Атырау-Мақат" тас жолының оң жақ бетінен орын тебетін станса жобасын "Дивитэл" ЖШС жүзеге асыруда. Станса қуаттылығы – 48 мегаватт, оның ішінде әрқайсысы 2 мегаваттық 24 дана қондырғы бар. Жоба құны 23 млрд 668 млн 500 мың теңгеге бағаланған.

"Қазіргі таңда 500 гектар жер учаскесі беріліп, әкімшілік ғимараты салынып, 24 дана жел генераторының орны дайындалып, қазылып, бетон құйылды. Монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталды", – дейді жоба жетекшісі Рустам Әлібеков.

Жел электр стансасы 2022 жылдың наурыз айында іске қосылады деп болжанып отыр. Құрылыс барысында 12 адам жұмыспен қамтылған. Ал іске қосылған кезде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу