Атырау облысында жер қазып жатқан жұмысшы топырақ астында қалып қаза болды

916

Атырау облысында жер қазып жатқан жұмысшы топырақ астында қалып қаза болды

Атырау облысының Индер ауданында кәріз құбырларына арнап жер қазып жатқан жұмысшыларды топырақ басып қалып, біреуі қаза тапса, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай өткен сенбіде Индербор кентінде орын алған.

Жыра қазып жатқан "Тараз Сәулет" ЖШС-ның жұмысшылары құлаған топырақтың астында қалып қойған, 1989 жылы туған жұмысшы сол жерде көз жұмып, түрлі жарақат алған 1987 және  1975 жылы туған тағы екі жұмысшы  аудандық ауруханаға жеткізілді", – делінеді таратылған ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу