Атырау облысында жоғалған отбасы: Марқұмның туысы маңызды үндеу жасады

1601

Әлеуметтік желіде бейнеүндеу тарады.  

Атырау облысында жоғалған отбасы: Марқұмның туысы маңызды үндеу жасады Фото: Бейнежазбадан

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының туысы қазақстандықтарға үндеу тастады. Өзін марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі деп таныстырған Шалқар Мұқанғалиев әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарап жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангельдин ауылында болып жатқан жағдайды естіп жатқан шығарсыздар. Қайғыға ортақтасып, көңіл білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын! Мен марқұм Мақсот Қарабалин деген кісінің інісі боламын. Өкінішке қарай, кейбір жағдайларды естіп жатырмыз. 

Әлеуметтік желіде "көмек қолын созамын десеңіздер, осындай нөмірге ақша жіберсеңіздер болады" деген ақпарат тарап жатыр екен. Ол ақпараттың өтірік екенін айту мақсатында сіздерге осындай видео үндеу жолдап жатырмын. Ондай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Интернет желісі арқылы ешқандай ақша жиналып жатқан жоқ", – деді Шалқар Мұқанғалиев. 

Айта кету керек, бұған дейін атыраулық ерлі-зайыптыны ауыл халқы ақтық сапарға шығарып салғанын жазғанбыз. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша басты күдікті – қаза тапқан отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу