Ведомство мәліметінше, 3, 4 және 6 қаңтар күндері Жангелдин ауылының маңы, сондай-ақ Шадымантүбек, Бесмола және Бірмол аумақтарында іздестіру жүргізілген.
Жалпы аумағы шамамен 20 шақырымды қамтыған жұмыстарға сүңгуірлер мен суасты дрондары тартылған. Алайда нәтиже болмаған.
– 6 қаңтарда Қарасу деп аталатын, көлемі шамамен 30-40 метр болатын көлдің түбі тексерілді. Мұз ойылып, сүңгуірлер түсірілді, сонымен қатар суасты дроны қолданылды. Жалпы аумағы шамамен 800 метрді қамтыған іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда ешқандай дерек анықталған жоқ, – деді департамент басқармасының бастығы Жантөре Демешов.
Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылған.
Айта кетейік, жоғалған отбасыны іздеу өткен жылдың 25 желтоқсанында басталған. Сол күні олардың туыстары полицияға арыз түсірген. Осыған байланысты Атырау облысында бір отбасының мүшелері із-түзсіз жоғалып кеткені жөнінде бұған дейін хабарланған еді.