Атырау облысында жоғалып кеткен үш адам табылды

1074

Олар қатты желдің кезінде далалықта болған.  

Атырау облысында жоғалып кеткен үш адам табылды

Атырау облысында қатты желдің кезінде жолға шығып немесе мал бағып кеткен үш адам іздестірілген болатын. Қазіргі күні олардың барлығы аман-есен табылды.

Олардың екеуі Жылыой ауданындағы "Есен-Аман" шаруа қожалығының қой бағып шыққан малшысы болатын. Оларды төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшесінің қызметкерлері мен аталған шаруа қожалығының бір адамы "ТРЭКОЛ" автокөлігімен іздеп, "Казтрансойл" АҚ №3 мұнай айдау стансына қарасты тоқ желілерінің бірінің бойынан тапты. Малшылар топырақ борап кеткен кезде бағып жүрген 950 бас қой малы мен мінген бір бас жылқы малынан айырылып қалып, бағыттарынан адасып  кеткен екен. Азаматтар Құлсары қаласындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер денсаулық жағдайларын бірқалыпты деп бағалап отыр.

Сондай-ақ, 14 қаңтар күні кешке Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылына қарасты Аттырған елді мекені "Дәулет" шаруа қожалығынан бір тұрғынның УАЗ автокөлігімен Жангелдин ауылына шығып кеткеннен үйіне қайтып оралмағаны жөнінде хабар келіп түскен. Іздестіру жұмыстарына №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган, аудандық полиция бөлімі мен бір "ТРЭКОЛ" автокөлігі жұмылдырылды. Сөйтіп, ол азамат аудан орталығы Миялы селосынан 57 шақырым қашықтықтағы Жамансай учаскесі маңынан бағытынан адасып, жанар-жағармайы бітіп, тұрып қалған жерінен табылды. Құтқарушылар тобы оның көлігіне 20 литр жанар-жағармай құйып, ауылына жеткізіп салған. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу