Атырау облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды

453

Атырау облысында бір түнде болған екі жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды

"9 қазан күні сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі "Құлсары – Ақкиізтоғай" тасжолының 17-ші шақырымында аударылып, салдарынан 44 жастағы жүргізушісі қаза болды. 

Сондай-ақ, таңғы сағат 06:30 шамасында "Доссор – Бейнеу" тасжолының 104-ші шақырымында Lada Largus автокөлігі аударылып, бір жолаушы қаза тапты. Көлікте жеті адам болған. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деді Жылыой аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мұрат Демегенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу