Атырау облысында жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты

246

Апаттың мән-жайы анықталуда. 

Атырау облысында жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты Фото: canva

Атырау облысының Индер ауданында жол пайдалану қызметінің техникасы қатысқан жол апатынан 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, алдын ала бейресми ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына кіреберіс жолда болған.

Жол пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысқан. Салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Полиция мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу