Атырау облысындағы Махамбет ауданының аумағында 38 киіктің өлексесі жатыр

284

Киіктің мүйізін кесіп алып кеткен. 

Атырау облысындағы Махамбет ауданының аумағында 38 киіктің өлексесі жатыр Фото: бейнеден скриншот

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Бақыт Каметовтің айтуынша, киіктің өлексесі Махамбет ауданындағы Таңдай ауыл округінің аумағынан табылған.

Мәслихат депутаты әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеді.

"Видео 26 қаңтар сағат 19:30–да түсірілген. Атырау облысы Махамбет ауданы Тандай селолық округіне қарасты Қалмақты (Чумка) елді мекенінде 38 киіктің өлексесі табылды. Барлығының мүйізін кесіп алып кеткен. Ішкі құрылысы жоқ. Шаруагерлердің айтуынша, 25 қаңтарда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мемлекеттік қызметкерлері және аңшылары атып кеткен. Полиция қылмысты тіркеп, заңды шара қолданады", -деп хабарлады Бақыт Каметов.

Далада жатқан киіктің кейбірі бауыздалған. Кейбірінің қарны жарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу