Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 елдімекен құрылады

755

"Болашақ" пен "Шипажай" шағын ауылдары ауданның жаңа елдімекендері қатарына қосылады.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 елдімекен құрылады

Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі елдімекен құрылады, деп жазады inbusiness.kz Атырау облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде Құрманғазы ауданына қарасты Құрманғазы ауылдық округінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталған.

Ақпаратқа сәйкес, жоспар бойынша жоба 468 жер учаскесіне арналып, кезекте тұрғандарға тұрғын үй құрылысы үшін 1 гектардан жер берілмек.

"Нұрлы жер" бағдарламасымен 468 жер учаскесіне 13,1 шақырымға ауылішілік жолдар, 41,4 шақырымға электр жарығы, 27,4 шақырымға ауыз су және 21,4 шақырымына газ құбыры тартылған. Бұдан бөлек учаскелер де дайын. Мердігер мекеме "Қарағанды жолдары" ЖШС болса, жоба құны 1 миллиард 550 миллион 645 мың теңге", – деді Құрманғазы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Ренат Нұғманов.

Оның айтуынша, Құрманғазы ауылы бойынша 2016 жылдан бері жер алу кезегінде 2 мыңға жуық тұрғын бар. Осы уақытқа дейін 60 адам жер телімін алды. Ендігі кезекте 120 тұрғынға жер берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу