Атырау облысының полицейлері шетелдіктерді тонағандарды ұстады

519

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Атырау облысының полицейлері шетелдіктерді тонағандарды ұстады Фото: polisia.kz

Жылыойлық тәртіп сақшылары шетелдіктерді тонаған күдіктілерді құрықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 21 ақпан күні болған.

“Доссор-Құлсары тас жолының 8 шақырым тұсында орналасқан шайхана ішінде белгісіз адамдар тобы тапаншаға ұқсас затпен Өзбекстан Республикасының азаматтарын қорқытқан. Олардан 4 ұялы телефон мен мың рубль қаражатын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған”, - делінген хабарламада.

Осылайша 2003, 2005, 2003 жылы туған аудан тұрғындары қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу