Атырау облысының прокуроры Қашағанды тексерді

189

Прокурор Каспий теңізіндегі "D" жасанды аралында орналасқан негізгі өндірістік нысандарды аралады.  

Атырау облысының прокуроры Қашағанды тексерді Фото: kmg.kz

Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев жұмыс сапарымен North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясы игеріп жатқан Қашаған кен орнына барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қадағалау органының басшысы әлемдегі ең ірі әрі техникалық жағынан күрделі мұнай-газ жобаларының біріне барып, қазақстандық мұнайшылардың еңбек жағдайын және инвестордың экологиялық талаптарды қаншалықты сақтап отырғанын тексерді. Қазір мұнда ауысыммен 400-ге жуық қазақстандық маман еңбек етеді.

Мадияр Басшыбаев өндірістегі қауіпсіздік деңгейіне, қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына және компанияның экологиялық бағдарламаларының тиімділігіне назар аударды.

"Ел үшін стратегиялық маңызы бар мұнай-газ нысандарында қызметкерлердің құқықтарын сақтау, сондай-ақ өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері біздің тұрақты әрі қатаң бақылауымызда", – деді облыс прокуроры.

Қашаған – Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар ірі теңіз мұнай-газ кен орындарының бірі. Осыған байланысты Каспий экологиясын қорғау мен жобада жұмыс істейтін жергілікті мамандардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері мемлекет бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде Каспий теңізіндегі мұнай-газ компаниялары терроризмге қарсы топтарды орналастыруға міндеттелгенін жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу