Атырау облысының тұрақтандыру қорына 1 мың тоннадан астам көкөніс сатып алынды

912

Атырау облысының тұрақтандыру қорына 1 мың тоннадан астам көкөніс сатып алынды

Бағаны ұстап тұру үшін Атырау облысының тұрақтандыру қорына 1 мың тоннадан астам көкөніс сатып алынды, деп хабарлайды КазТаг.
"Өңірдің тұрақтандыру қорына 692 тонна картоп, 250 тонна жуа, 100 тонна сәбіз бен 102,5 тонна қырыққабат сатып алынды. Барлық жоғарыда көрсетілген өнім қыс айларында облыс орталығы мен аудандардың ірі сауда нүктелерінде белгіленген баға бойынша сатылатын болады. Сонымен, әр өнімнің килограмы үшін белгіленген баға келесідей: картоп – Т86, жуа – Т85, қырыққабат – Т81, сәбіз – Т100", - дейді өңірдің ауылшаруашылық басқармасынан.  
Ведомство ақпарынша, көкөністер Атыраудағы базарлар мен сауда орталықтарындағы супермаркетте сатылады.  
"Көкөністерді төмен бағамен аудан тұрғындары да ала алады. Оларды ауылдық жерлерге апаратын операторлар да анықталды", - дейді басқармадан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу