Атырау облысының жалпы өңірлік өнімі 3 трлн 930 млрд теңгені құрады

765

Ал республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлесі – 14%.  

Атырау облысының жалпы өңірлік өнімі 3 трлн 930 млрд теңгені құрады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдің жалпы өңірлік өнімі мен жалпы ішкі өніміне тоқталды. Оның сөзінше, республиканың жалпы ішкі өніміндегі аймақтың үлесі 14%-ды құрап отыр.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында еліміздің және өңірдің өркендеуіне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Біздің басты мақсатымыз – осы міндеттерді табысты жүзеге асыру. Аталған бағыттар бойынша Атырау облысында іргелі жұмыстар жасалып жатыр. Осы жылдың қаңтар-маусымында облыстың жалпы өңірлік өнімі 3 трлн 930 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 102,2%. Ал республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлесі – 14%. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 6 млн теңгені құрады", – деді облыс басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу